Аққулар ұйықтағанда
Айжан Нұртаза
Авторы туралы
Мұқағали Сүлейменұлы Мақатаев 1931 ж. 9-ақпанда Алматы облысы, қазіргі Райымбек (бұрынғы Нарынқол) ауданының, Қарасаз ауылында дүниеге келген. Әкесі қарапайым шаруашы:колхозда сушы, шалғышы болып істеген. Мұқағали үйдің тұңғышы болған, оның артынан бір қыз және үш ұл туған. Ақынның қарындасы мен алғашқы інісі ерте көз жұмған. Соңғыларының есімдері - Тоқтарбай мен Көрпеш. Қазақ дәстүрі бойынша үйдің алғашқы баласы ата-әжесінен тәрбие алуы тиіс, сондықтан Мұқағали әжесі Тиынның қолында өсіп, анасын жеңгесіндей қабылдайды. Балалық шағы соғыспен қатар өткендіктен, ақын тағдырдың ащы дәмін ерте татады("Неңді сенің аңсаймын,бала шағым?"). Мұқағалидің әкесі 1941ж Калиниград майданында қаза табады. Ол 1973 жылы "Aққулар ұйықтағанда" поэмасын жазды.
Мұқағали барлық өлеңін бойындағы сезімнің ағынымен тасқындата жазды. Бүгін біз сөз еткелі отырған шығарма "Аққулар ұйықтағанда» – ғажап поэма. Бір түнде, бір деммен, табиғат пен ақын сезімінің үндесуінен туған дүние.

Бұл поэма барша оқырманына мұң тарту етеді. Бірақ бір бастап оқығаннан кейін тастай алмай соңына дейін бір-ақ оқисың. Бейне бір басқа күй кешесің. Көкірегіңде ән ұялап, жырмен тербелесің. Көз алдыңа Жетімкөлдің ерке аққуы, баласы үшін дүниенің тыныштығын, кереметін бұзып, қасиетке оқ атқан ана бейнесі, ең соңында екі бірдей асылынан қасиетінен айырылған сорлы, зарлы ана елестеп, сен де аһ ұрасың.
Поэмада Жетімкөлдің тазалығы жайында, оның тау басында орналасуының өзі бір ғажайып ретінде сипатталады. Айдын көлдің иесі - сонда мекен ететін аққулар еді.
Поэмада бір жанұяның жалғыз баласы ауыр сырқатпен сырқаттанып қалады. Тәуіп шал баланы тек аққудың қанатымен аластаса ғана дертінен айрылады деп айтады. Әкесінің аққуды өлтіруге дәті бармағандықтан оның орнына анасы мылтығын алып, қасиетті аққулар мекендейтін көлге барады. Көлге келгенде ананың қолындағы мылтығы абайсызда атылып қалады да, мылтықтың оғы аққуға тиеді. Шуды естіген қарт жылқышы көлге қарай келеді де, аққу өлтірген анаға ақыл береді. Қалай болса да ана аққуды үйге әкеледі,алайда үйге қайтып оралғанда баласынын қайтыс болғанын түсінеді.
Жалпы, қазақ халқы ырым, наным-сенімге сенетін халық. Сол себепті қазақ аққуды киелі санайды. Аққуды ежелден қастерлеп, бақыттың бастамасы, жақсылықтың жаршысы, пәктіктің, сұлулықтың белгісі деп ұғады әрі оған ешқашан оқ атпаған. Аққу турасында ел аузында аңыз-әңгімелер көп, тіпті ақын-жазушыларымыз, әнші-сазгерлеріміз де қарап қалмаған. Мәселен, С. Сейфуллиннің «Аққудың айырылуы», Қорқыт баба, Ықылас Дүкенұлының, Н.Тілендиевтің «Аққу» күйлері, Б.Аюхановтың «Аққу биі» – халқымыздың аққуға деген сүйіспеншілігі мен құрметінің дәлелі. Мына бір аңызға сүйенсек: «Ертеде бір адам аққудың киелі екенін білмей оқ атады. Сонда аққудың сыңары өз қосағынсыз өмір сүре алмайтынын дәлелдеп, өзінің басын тасқа ұрып, өзін-өзі өлтіреді. Ал оқ атқан адам арада қанша жыл өтсе де, отбасын құра алмай, еш перзентсіз дүниеден жалғыз өтіпті» дейді. «Аққу – құстың төресі, жалғыз жатып оттамас» деген нақыл сөзден аққу сыңарынсыз өмір сүре алмайтынын көреміз. Тіпті аспан әлеміндегі шоқжұлдыздардың бірі «Аққу жұлдызы» деп аталады. Өзіміздің салт-дәстүрімізде «Аққу мойын» деп аталатын өрнек те бар. Аққуды атқан адам жамандыққа ұшырайды, өлген аққу жалғаспаған ұрпақты білдіреді.
Т.Молдағалиев:
Т.Молдағалиев: «Мұқағали поэмаларының ең асылы,ең биігі деп мен «Моцарт», «Жан азасы», мен «Аққулар ұйықтағанда» деген дүниесін айтамын. Бұлар-алтын ішіндегі меруерттей сәуле шашатын ұлы дүниелер. «Аққулар ұйықтағанда «поэмасы 1973жылы «Жалын» альманағында жарияланды. Мұқағалимен кездескенде поэмасын көп мақтадым.» Тұмаш осы поэманы Ғабит ағаға апарып оқыдым. Разы болып, мына алтын қаламды сыйлады» - деді Мұқағали. Мен: «Өте дұрыс еткен екенсің, Мұқа» Ғабен ұнатса бүкіл халық ұнатады деген сөз» - дедім тебіреніп. Мұқағали бір ойға шомып үнсіз қалды. Бұл-Мұқағалидің өзінің аққу әні еді.
This site was made on Tilda — a website builder that helps to create a website without any code
Create a website